Атырау, 21 желтоқсан 14:52
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Су тасқыны кезінде әуе күштерінің көмегімен 1660 адам эвакуацияланды

646 рет қаралды
Фото: «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy«Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Құтқару жұмыстары Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Абай облыстарында белсенді жүргізіліп жатыр.

«Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта 1660 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды. 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды», - делінген хабарламада.
2 сәуір 2024, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.