Атырау, 11 мамыр 23:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Жоғарғы Сот В.Худяковқа қатысты үкімнің күшін жойды

283 просмотра

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы В.Худяковқа қатысты үкімнің күшін жойды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. 

Сот үкімімен Худяков құрамында есірткі заттар бар қарасораның тыйым салынған сорттарын заңсыз егіп, өсіргені үшін (ҚК 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағы) кінәлі деп танылған. Оған 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Алқа істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді.

Қылмыстық кодекстің 300-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы мынадай дербес қылмыстық әрекеттерді қамтиды: құрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің сұрыптарын егіп-өсіру.

Айыптау актісінде Худяков тек қарасора сұрыптарын өсірді деп айыпталған. Қылмыстық-процестік кодекстің 340-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес сот талқылауы адам сотқа берілген айыптау шегінде жүзеге асырылады. Қарасора егіп, өсірді деген айып тағылған жоқ, сәйкесінше, сот тағылған айыптың шегінен шығуға және бұл әрекеттері үшін айыптауға құқығы жоқ.

Осыған орай, алқа қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатты. Худяковтың оңалту құқығы танылды.

2 сәуір, 08:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.