Атырау, 3 мамыр 16:09
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырау облысының аудандық мәслихаттарына сайлау қорытындылары

538 просмотра

2024 жылғы 31 наурызда №6 және №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Исатай аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

№6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1442 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 745 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 7 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Н.С.Ателов үшін сайлаушылардың 185 дауысы берілді;

Н.С.Искалиев үшін сайлаушылардың  119 дауысы берілді;

Ж.К.Кабиев үшін сайлаушылардың  413 дауысы берілді;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 3.

Сайлау қорытындысымен №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихаттың депутаты болып:

Женисбек Кисапович Кабиев, 1975 жылы туған, «КазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы Исатай газ шаруашылығының директоры, Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны сайланды.

 

№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1870 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 989 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 10 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Е.А.Доскалиев үшін сайлаушылардың 623 дауысы берілді;

М.С.Насихатов үшін сайлаушылардың 99 дауысы берілді;

Н.З.Пауеденов үшін сайлаушылардың 248 дауысы берілді;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1.

Сайлау қорытындысымен №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихаттың депутаты болып:

Едиге Амангельдиевич Доскалиев, 1986 жылы туған, «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Исатай ауданы Жанбай ауылының тұрғыны сайланды.


2024 жылғы 31 наурызда №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Құрманғазы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті, деп хабарлайды Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлаушылар тізіміне 2685 азамат енгізілді. Дауыс беруге -1404 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 37 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Құрманғазы аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Е. Аманжанұлы үшін сайлаушылардың 804 дауысы берілді;

Ж.А. Амирагалиев үшін сайлаушылардың 349 дауысы берілді;

Н.Б. Бисенова үшін сайлаушылардың 221дауысы берілді;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны –19.

Сайлау қорытындысымен №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Құрманғазы аудандық мәслихаттың депутаты болып:

Ерлан Аманжанұлы, 1988 жылы туған, «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС-ның директоры, Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылының тұрғыны сайланды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

1 сәуір, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.