Атырау, 3 мамыр 13:40
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Ақтауда облыс чемпионат кезінде жасөспірім спортшы қайтыс болды

491 просмотра

Ақтауда облыстық чемпионаты кезінде 17 жастағы спортшы бақилық болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 

Қайғылы оқиға кеше "Батыр" спорт кешенінде болған. NOMAD MMA бойынша облыстық чемпионатқа қатысушылардың жарыс кезінде жазым болған. 

«Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы К. құлап қалды. Спортшыға алғашқы көмекті "Батыр" спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті. Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Өкінішке қарай, жас жігітті өлімнен құтқара алмады. Турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама берді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Оның шеңберінде құзыретті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайларын зерттеп жатыр. Біз жақын-жандарына қайғырып көңіл айтамыз», - деп жазды Маңғыстау облыстық Nomad MMA федерациясы. 

NOMAD MMA бойынша Маңғыстау облыстық чемпионаты 30-31 наурыз аралығында балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында "Батыр" спорт кешенінде өткен. 

Аралас жекпе-жек стиліндегі спорт түрінде спортшылар қол және аяқпен соққы жасау, сондай-ақ күрес техникасын пайдалана отырып, толық байланыста жарысады. Турнирге 300-ге жуық спортшы қатысты.

1 сәуір, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.