Атырау, 3 мамыр 13:03
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Алматыда техногендік сипаттағы қауіпке жол берілмеді

204 просмотра
Көрнекі сурет

Алматы көлік прокуратурасы жер, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау нәтижесінде, автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салуға жер учаскесін беру кезінде елеулі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, уәкілетті орган қолданыстағы нормаларды бұза отырып, астынан кәріз құбырлары өтетін тектоникалық бұзылу аймағында орналасқан бөлінбейтін жер телімін мегаполистің автобус паркіне жанармай құю үшін берген.

Осылайша, жауапты лауазымды тұлғалар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне жол берген.

Көлік прокуратурасы араласқаннан кейін кінәлі лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осы жер учаскесін Алматы қаласы әкімдігінің балансына қайтару шаралары қабылдануда.

1 сәуір, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.