Атырау, 22 желтоқсан 09:52
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған

638 рет қаралды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушы пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Оқиға 31 наурыз күні кеште Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Ішімдік ішкен адам 26 жастағы құтқарушыға шабуылдаған. Кеуде тұсынан жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілді.

«Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған», - деп хабарлады ТЖМ.

1 сәуір 2024, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.