Атырау, 10 желтоқсан 00:16
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Вакцина туралы тың дерек

9 664 просмотра

Жыл басынан бері Қазақстанда, медиктердің пікірінше, балалар жеңіл көтеруі тиіс жаңа вакцина қолданылуда.

Әңгіме АКДС вакцинасы туралы болып отыр. Оны дифтерияның, көкжөтел мен сіреспенің алдын алу үшін қолданатыны белгілі. Оны 2, 3, 4 айлық және бір жарым жастағы сәбилер алады. Жалпы, біздің сауалымызға берген облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дина КАМЕЛОВАНЫҢ жауабына қарағанда, екпелер күнтізбесінде өзгерістер болмашы ғана екен. Енді АКДС орнына АбКДС болмақ. Мәселе мынада, кейбір балаларда көкжөтел компонентіне реакция байқалып, қызу көтеріліп, кейде орталық жүйке жүйесіне «тиетін болған». Осы құрамдастарға реакция болмас үшін оны жаңа АбКДС-тан алып тастады. Бұл вакцина дәрігерлердің растауынша, анағұрлым «жұмсақ», ол вакцинадан кейінгі асқыну қаупін әжептәуір азайтады. Айта кетелік, оны бұрын да, бірақ тек ақылы негізде немесе АКДС вакцинасына қарсы көрсетілімдері бар балаларға ғана қолданған. Бүгінде АбКДС вакцинациясы кепілдендірілген медициналық көмек көлемінің шеңберінде тегін жүргізілетін болады.

Вакцинациядан бас тартатын Атырау облысы халқының үлесі – 1 пайыз.

Сондай-ақ, АбКДС вакцинасын биылғы жыл басынан бері 6 жастағы балалардың алатындығы белгілі болды. Болашақ оқушылардың иммунитетін нығайту үшін қосымша екпені күнтізбеге енгізді.

Екі айдан бастап балалар аралас АбКДС + Хиб + ВГВ + ИПВ (жасушасыз компонетті көкжөтелден + дифтериядан + сіреспеден+ вирустық В гепатитінен + b типті гемофильді инфекциядан + иноактивтенген поливакцина) вакциналарын алатын болады.

Екпе күнтізбесіндегі басқа өзгерістер полиомиелиттен қорғауға қатысты. Күні бүгінге дейін балалар полиомиелитке қарсы тамшылар алды, енді бұл инъекция болмақ. Тамшыларды қолданған кезде аналарына бір сағатқа дейін және кейін сәбидің тамақ ішпеуі керектігін ескерткен. Бірақ бұл кеңестер үнемі сақтала бермегендіктен, бұл вакцинация сапасына әсер етті. Сондықтан тамшыларды инъекцияға ауыстыру шешімі қабылданды.

Бұдан басқа, биылғы жылдан бастап 12 жаста дифтерияға қарсы вакцинация жүргізу жойылды. Оны енді 6 жаста жүргізетін болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.