Атырау, 24 қыркүйек 00:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

​​​​​​​Түркістан облысында тұрғындар қаржы пирамидасына 650 млн теңге салған

643 просмотра
Фото:freepik.com

Қаражатын көбейтіп аламыз деп алданып қалғандар саны 2000-нан асады. Қазір осы жайтқа қатысты 2 қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

«Түлкібас және Төлеби, Жетісай, Мақтаарал аудандарының тұрғындары екені анықталған. Аталған істер бойынша тергеу сотының қаулысымен 2 әйелге қатысты 2 айға күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, жалпы 15 күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған», – дейді ТО Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай. 

Бұдан бөлек, Түркістанда алаяқтық фактілері тиылмай тұр. Нақтырақ айтқанда облыс аумағында интернет арқылы алдаудың ауыр түрлерін тіркеу деректері 65,2%-ға өскен. Тіпті өңір басшысы қабылдауға жазылған тұрғындар арасында алданып қалып, ақша сұрап келушілер саны көбейіп бара жатқанын жеткізді.

«Жеке қабылдауға көп келеді тұрғындар. Олардың бәрі ақшасын пирамидаға салған. Несиеге кірген. Бір қарызды, бір қарызға жауып жүр. Өмірлік ұстаным жасап алған да содан белгісіз. Өздері қарыз алып, оны пирамидаға салып, одан лудоманияға кіріп кеткендер көбейді», – дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
30 наурыз, 08:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.