Атырау, 26 маусым 01:19
 дождьВ Атырау +26.1
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

2025 жылға дейін «Орал – Атырау» темір жолының құрылысы қарастырылмаған-ҚР Көлік министрлігі

1 194 рет қаралды

Көлік министрлігі "Атырау-Орал" теміржолының құрылысына қатысты сауалға жауап берді.

«Жүк тасымалының өсу қарқынын қамтамасыз ету және елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін ірі жобаларды іске асыру жүргізілуде, атап айтқанда 2022 жылы Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды. Ағымдағы жылы Қытаймен шекарада үшінші шекара өткелінің ашылуымен «Алматы станциясын айналып өтетін айналма жол», «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз» жаңа теміржол желісінің жобалары іске қосылды", - делінген министрліктің хабарламасында. 

Министрліктегілер жоғарыда айтылғандарға байланысты «Орал – Атырау» темір жолын салудың төмен экономикалық орындылығын, сондай-ақ ағымдағы экономикалық жағдайды және қаржы қаражатының шектеулілігін ескере отырып, жоғарыда көрсетілген басым жобалар аяқталғаннан кейін осы жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыру орынды деп санайды. 

- Осыған байланысты 2025 жылға дейін «Орал – Атырау» темір жолының құрылысы қарастырылмаған», — делінген Көлік министрлігінің жауабында.

"Орал апталығы"

29 наурыз 2024, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.