Атырау, 27 сәуір 12:11
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Көкшетау қаласында Төтенше жағдай жарияланды

639 просмотра

Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің қалыптан тыс көтерілуіне байланысты күрделі су тасқыны жағдайына байланысты, соның нәтижесінде тұрғындардың тұрмыстық жағдайы бұзылып, Көкшетау қаласында жергілікті маңызы бар ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса халыққа үндеуінде жағдайды тұрақтандыру үшін осы шешім қабылданғанын айтты.

«ТЖ шеңберінде барлық шығындар бағаланып, оларды өтеу жөніндегі мәселелер комиссиялық түрде шешілетін болады. ТЖ салдарын жою жөніндегі штаб құрылды, су басу аймағында тұратын тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. 29 наурыздағы жағдай бойынша жүзге жуық адам дайындалған орындарға орналастырылды. Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі. Жерлестеріме жағдайды түсінгендері және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін», - делінген қала әкімінің үндеуінде.

Айта кетсек, бүгін Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1 қабаты су астында қалды.    

Барлық зардап шеккендер 8 775 666 99 08 (Whatsapp) телефон нөмірі бойынша хабарласуын сұрайды.

29 наурыз, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.