Атырау, 22 желтоқсан 09:59
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Түпқарағанда теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлексесі табылды

712 рет қаралды

Форт-Шевченко қаласында теңіз жағалауында 40 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Маңғыстау облыстық балық инспекциясының мәліметінше, мониторинг тобы Түпқараған ауданында табылған өлекселерді тексеруге аттанған. 

Өткен түнде батыстан соққан желден жағаға итбалықтар шығып қалған. Қазіргі уақытта аудандық балық инспекциясы мен әкімдік өлекселерді жинастырып жатыр. 

"Қосымша инспекторлардан құралған топ Түпқараған ауданына кетті. Оның ішінде экология департаментінің мамандары да бар. Ұшалардың теңізге шығуына солтүстік-батыстан толассыз соққан жел себеп болып отыр. Негізінен, итбалықтар теңізде өледі, табиғи ыдырау процесі кезінде қаңқалар қалқып, оларды қатты желмен жағаға шығып қалады. Әдетте, итбалықтардың өлімі ауа температурасы, басқа жерде су жылынған кезде пайда болады. Ал жел оларды жағаға шығарады, - деді Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Андрей Рудский.

29 наурыз 2024, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.