Атырау, 25 қараша 23:04
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Автобуспен - аудандарға

2 260 просмотра

Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталықтарының жұмысы көптеген аудан тұрғындарының қызығушылықтарын туғызды.

Мобильдік орталықтар «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек түрінің бірі боп табылады. Облыс орталықтарының деңгейінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, моноқалаларда -  кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, ал аудандарда – кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталықтары жұмыс істейтін болады. Осындай мобильдік орталықтардың бірі Атырау облысында жұмыс істеуде. Ол өз қызметін Исатай ауданына шығудан бастады, содан соң Махамбет пен Индер аудандарына барды. Әңгіме «Даму» қорының, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық кредиттік корпорациясы» компанияларының, ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының, Атырау облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандарға автобуспен шығып, жергілікті бизнесмендерге кеңес беретіндіктері туралы болып отыр.

- Бұрын бізге бизнес-жоспарды немесе салық есебін қалай жасау керектігін білу үшін қалаға баруға тура келетін еді. Ал енді мұның бәрін осы жерден алуға болады, - дейді Индер ауданының тұрғыны Гүлнәр МОЛДАҒАЛИЕВА.

Аудандардағы жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерді әкімдіктің бизнесті дамыту грантын қалай алуға, түрлі конкурстарға қалай қатысуға болатындығы, «бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқуға, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ның ірі қарамүйізді аналық мал басын және тұқымдық бұқаларды сатып алу үшін субъектілерді несиелеудің «Сыбаға» бағдарламасына қалай кіруге болатыны қызықтырады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарына оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналасу жөнінде кеңестер алғысы келетін тұрғындар кезегі сап түзеді. «Даму» қорының өңірлік филиалы аудандарға үнемі шығып тұруды жоспарлап отыр. Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталықтарының кестесін «Даму» қорының өңірлік филиалынан 8 (7122) 46-01-50, 46-02-50 телефондары бойынша немесе аудандық әкімдіктер арқылы білуге болады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына келер болсақ, Атыраудан оны тамыз айында ашу жоспарланған.

- Орталықта тек «Даму» өкілдері ғана емес, «Атырау» ӘКК, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өкілдері, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің филиалдары, сервистік компаниялар жұмыс істейтін болады, - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Атырау облысы бойынша бас менеджері Ақан ҚАЙЫРҒАЛИЕВ. Қазір кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына арналған ғимарат туралы мәселені шешудеміз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.