Атырау, 22 желтоқсан 09:57
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда күзетшіні сабап өлтірген күдікті 14 қабаттан секірмек болды

513 рет қаралды
Видео: t.me/kris_p_almaty_official

Әлеуметтік желіде Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген күдіктіге қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25 шағынауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болды. Полиция келген кезде күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысты. Содан кейін 14 қабатқа өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болды. Полиция қызметкерлері оған бұл ойын іске асыруға жол бермей, күдіктіні ұстады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме беріп, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, күзетші мен ТК тұрғыны арасында жанжал туындап, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр жарақат салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция.
29 наурыз 2024, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.