Атырау, 28 сәуір 11:50
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

БҚО-да су тасқынынан 400 адам құтқарылды

231 просмотра
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында су тасқынынан 400-ге жуық адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 27 наурызда Қаратөбе ауданы Қоржын ауылы тасқын судың астында қалды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірге тікұшақпен аталған елдімекенге барып, тұрғындарды құтқару жұмыстарына жетекшілік етті.

Өңір басшысы ауыл халқымен кездесіп, оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін айтты.

«Баршаларыңызды сабырға шақырамын. Табиғи апат салдарынан облыстың бірнеше аудандары зардап шегуде. Сіздерге келген шығын бойынша арнайы комиссия құрылады. Келтірілген залалдың бәрі есептеледі. Мемлекет тарапынан тиісті көмек беріледі. Қазір сіздерді төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге су тасқынынан құтқаруға келдік. Тікұшақпен баршаңызды аудан орталығы Қаратөбеге, қауіпсіз жерге жеткіземіз», - деді облыс әкімі.

Қорғаныс министрлігінің мамандары, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 400-ге жуық ауыл тұрғынын тікұшақпен аудан орталығына жеткізу жұмыстарын жүргізуде.

Бірінші кезекте балалар мен әйелдер, денсаулығы нашар және мүгедектігі бар жандар жеткізілді.

Атап өтерлігі, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынын алдын алуға көрші облыстардан мамандар мен күш құралдары жұмылдырылды.

29 наурыз, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.