Атырау, 22 желтоқсан 09:57
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«172 адам эвакуацияланды»: Абай облысы Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді

552 рет қаралды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысы Аягөз ауданындағы өзеннің су деңгейі көтеріліп, 172 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды.

«Тұрғындарды уақытша орынға жеткізу үшін 3 автобус бөлінді. Алайда азаматтардың көпшілігі туған-туыстарының үйлеріне кетті. Қалғандары мектеп-интернат жатақханасына және жасөсіпірімдер спорт мектебіне орналастырылды», - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен қатар Аягөз өзеніне жақын Ешмағанбетов, Шыңғожа батыр көшелерінің тұрғындарына сақтық шараларын сақтау ескертілді. Барлығы 324 тұрғын қамтылды.

«Мамырсу ауылдық округінде де су деңгейі көтеріліп, сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен жағасына жақын орналасқан 10 үйге, (оның ішінде 30 ересек, 40 бала) ескерту жасалды. Эвакуация пункті дайын. Төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған», - делінген хабарламада.
29 наурыз 2024, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.