Атырау, 25 қараша 23:03
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

НКОК-пен бірікті

1 874 просмотра

Жақын уақытта жол салушылар ескі, бұзылған Атырау-Индер жолын күрделі жөндеуге кіріседі.

Облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аманжан ТӘКЕШОВТЫҢ айтуынша, қазір жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, содан кейін тендер жарияланып, нәтижесінде жұмыс мердігері анықталады.

Облыстық бюджеттен автотрассаны күрделі жөндеуге 3 млрд теңге бөлінген.

- Сонымен қатар, осы жобаға «НКОК» компаниясының 6,7 млрд теңге сомасында қаражатын тарту туралы келісімге қол жеткіздік. Алайда бірге қаржыландыру туралы НКОК компаниясы мен облыстық әкімдік арасында жасалатын шартқа қол қойылғаннан кейін ғана айтуға болады, - деп атап өтті А. Тәкешов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.