Атырау, 27 сәуір 19:10
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бишімбаевтың сотын тікелей эфирде 47 мыңнан астам адам қараған

352 просмотра

Жоғарғы сот азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сот процесіне алғашқы басты отырысына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Кеше, 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерге кандидаттарды іріктейтін жабық сот отырысы өтті. Келесі сот талқылауы сол күні сағат 16:00-де Жоғарғы соттың ресми YouTube арнасында ашық қолжетімді онлайн-трансляция арқылы өтті. Бұл резонансты іс бойынша өткен алғашқы тікелей эфир екенін атап өткім келеді! Сот отырысында ашықтық, жариялылық және қолжетімділік қағидаттары сақталды. Сот процесінің барысы туралы ақпарат жедел түрде Telegram арнасында және Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі басқа аккаунттарында жарияланды. Сонымен қатар алдын ала тиісті нұсқаулықтар, ақпаратты жариялау және БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатысу тәртібі берілді".Жоғарғы соттың байланыс бөлімінің жетекшісі Перизат Сәдуақас

Перизат Сәдуақастың мәліметінше, Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы тікелей эфирге бір реттік қосылудың ең жоғары көрсеткіші 7 мыңнан астам болса, осы сәттегі жалпы қаралым саны 47 мыңнан асқан.

28 наурыз, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.