Атырау, 28 сәуір 22:56
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Су тасқынына дайын болуды сұраймыз»: Орал тұрғындарына ескерту жарияланды

423 просмотра

Орал қаласы тұсында өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Орал қаласы әкімдігінен алынған ақпаратқа қарағанда, «Қазсушар» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес жақын күндері Шаған, Деркөл, Жайық өзендерінде су деңгейі көтеріліп, қауіпті шектен асуы мүмкін.

Салдарынан өзен жайылмаларында орналасқан бау-бақша серіктестіктері, ондағы тұрғынжайлар зардап шегуі мүмкін.

«Тұрғындардан су тасқынына дайын болуды, қажетті іс-шараларды қолға алуды, су тасқынына дейін алдын ала қауіпсіз жерге көшуді сұраймыз. Су тасқыны қаупі туралы алдын ала хабарланған кезде радио, теледидар, интернеттегі ақпаратты қадағалаңыз. Газ, электр қуатын және суды айырып, құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыз. Ақшаны, киім, тамақ және дәрі-дәрмекті дайындап, бағалы заттар мен жиһаздарды судан қауіпсіз жерлерге орналастырыңыз. Үй жануарларын жіптен босатыңыз және оларды қауіпсіз жерге апарыңыз. Егер су тасқыны орын алса, дәрі-дәрмек, азық-түлік, су қорын және алғашқы көмек жинағын алыңыз. Су тасқыны аймағынан шығып, эвакуациялық орынға барыңыз. Мүмкіндік болса, суда қалған адамдарға шұғыл түрде көмектесіңіз. Егер эвакуациялау мүмкін болмаса, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз және орналасқан жеріңіз туралы хабарлаңыз. Мүмкіндігінше тезірек жақын маңдағы қауіпсіз биік орынға (жоғарғы қабаттар, шатыр) орналасыңыз. Көмек келгенге дейін үйде болыңыз, белгі беріңіз (күндіз – ақ немесе түрлі-түсті материалмен, түнде – фонарьмен)», - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 430-дан астам үйге су кіргенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында 18 жолды тасқын су шайып кетті.

28 наурыз, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.