Атырау, 28 сәуір 01:07
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы апаттан құтқару жұмыстарына әскери қызметшілер жұмылды

345 просмотра

Армия авиациясының экипаждары жергілікті халықты апатты аймақтан әкетуді жүзеге асыруда. Ақтөбе қаласында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жеке құрамы мен курсанттары су тасқыны салдарын жоюға кірісті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

Таңертеңнен бері су басқан аймақтарда екі ұшу экипажы жұмыс істеп жүр. 

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылының маңындағы жолды су басқан. Сондықтан адамдарды әуе көлігімен ғана әкете алады. Қазіргі уақытта Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақтарымен 90-нан астам адам эвакуацияланды.  

Ақтөбеде күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынға байланысты каналдағы су деңгейі едәуір көтеріліп, қала көшелеріне жайылды.  

Облыс орталығында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының әскери қызметшілері мен курсанттары ағын суды бөгеп, арнасын бұру жұмыстарын іске асырып жатыр.

Апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда.


28 наурыз, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.