Атырау, 27 сәуір 18:10
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Президент Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысымен кездесті

286 просмотра
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Матиас Корманның Боао форумына қатысуы ЭЫДҰ-ның Азияға айрықша назар аударатынын дәлелдейді деді Боао Азия форумының аясында Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Бас хатшыға ілтипат білдіре отырып, оның Боао форумына қатысуы ЭЫДҰ-ның Азияға айрықша назар аударатынын дәлелдейді деп атап өтті.

«Бұл аймақты алып экономикалық қауымдастық деуге болады. Сондай-ақ Қазақстан осы кеңістікте, кем дегенде, өңірлік өлшемде аса маңызды рөл атқарады. Форумда сөйлеген сөзімде ЭЫДҰ-мен арадағы ынтымақтастыққа ерекше мән беретініміз жөнінде айттым. Өкілдеріміз ЭЫДҰ комитеттерінің отырыстарына тұрақты түрде қатысады. Біз ұйымның ұсыныстарын ескеруге тырысамыз. Өздеріңізге мәлім, мен Қазақстанның экономикалық саясатын ЭЫДҰ-ның жоғары стандарттарына сәйкестендіру жөнінде мақсат қойдым», – деді Қасым-Жомарт Тоқ
28 наурыз, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.