Атырау, 10 желтоқсан 09:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Жүйрік тұлпар тым қымбат

6 364 просмотра

8 маусымда Алматы-2 вокзалының перронынан Атырауға «Тұлпар-Тальго» жаңа жүрдек пойызы жолға шықпақ. Біздің қаламызға ол маусымның 10-да жетеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур АСЫЛХАНОВТЫҢ айтуынша, «Сарайшық» деген атауы бар жаңа пойыздың жалпы жүру жолының уақыты35 сағат 30 минутты құрайды.

- Жүрдек маршруттарды енгізу ең алдымен пойыздың жүру жолының уақытын 1,5 еседен көп қысқартуды қарастырады, - дейді Асылханов. - Жаңа №77/78 «Сарайшық» пойызын енгізгенде Алматы-2 стансасынан Атырауға дейін жол уақыты (ара қашықтығы 2 695 км) 49-дан 35 сағатқа дейін қысқарады.

Пойыз құрамында 27 вагон бар, оның 2-уі люкс санатындағы «Гранд» (душы бар екі орынды), 2 купе - «Бизнес» (екі орынды), «Турист» санатындағы 18 жолаушылар вагоны (төрт орынды), 2 техникалық, 1 вагон-конвертор, 1 вагон-мейрамхана және 1 вагон-барды құрайды. «Гранд» санатындағы вагонда мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға арналған бір купе қарастырылған. Бұл жерде душ, санитарлық желі, арнайы жабдықталған есіктер, жолсерікті шақыру тетігі қамтылып, дәліздер жолаушыларды отырғызуға және түсіруге ыңғайландырылып кеңейтілген.

Өкінішке орай, осындай қолайлы жүрдек пойызбен сапарға шығу өте қымбат тұрады. Бағалар - жүретін күніне байланысты (демалыс күндері қымбаттау шығады). Сонымен, «Гранд» вагонындағы билет құны - 41 400 теңге (45 300 – жақшада осы жерде және әрі қарай демалыс күндердегі бағалар көрсетіледі), «Бизнес» - 30 300 теңге (33 100), плацкарт – 18 400 теңге (22 700). Салыстыру үшін, Алматыға дейін бізге үйреншікті қытайлық пойыздың бағасы 9 707 теңге тұрады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылға дейін ҚР көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тағы 5 жүрдек маршрутты ұйымдастыру жоспарланған, олар: «Астана – Атырау» (2013 ж. қыркүйек); «Астана – Қызылорда», «Алматы – Ақтөбе» (2014 ж.); «Астана – Защита», «Алматы – Защита» (2015 ж.).

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Сурет «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен алынды

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.