Атырау, 22 желтоқсан 09:57
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанның ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұрғаны жалған

542 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құрады. 2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың
қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады. Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді.

28 наурыз 2024, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.