Атырау, 22 желтоқсан 09:59
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

2029 жылға қарай экономикамызды екі есе арттыруға мүдделіміз - Президент

395 рет қаралды
Фото: Акорда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ашылу салтанатында Қазақстан ЖІӨ өсімін 6% деңгейінде ұстауға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Президент атағандай, Қазақстан 2029 жылға қарай экономиканы екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

«Орта мерзімді перспективада біз өсімді (ЖІӨ - авт.) 6% деңгейінде қолдауға және 2029 жылға қарай экономикамызды екі есеге арттыруға тырысамыз. Оны жүзеге асыру үшін жаңа экономикалық бағытты ынталандырдық. Ол жаңа стратегиялық, құрылымдық шешімді қажет етеді», - деді Тоқаев. 

Президент атағандай, мақсат - қарқынды дамитын қуатты халықты қалыптастыру. 

«Қазақстанның цифрлық нарығындағы өзге шетелдік крмпанияларды тартады, оның ішінде қытайлық кәсіпорындар да бар»,- деді ол. 

Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясының Боао қаласында Боао Азия форумы-2024 өтіп жатыр.

28 наурыз 2024, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.