Қаланы жиналған жаңбыр суынан тазарту жұмыстарына 44 арнайы техника-вакуум жұмылдырылып, кеше түннен қазірге дейін 5200 текше метр су шығарылды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігі хабарлады.
«Тазарту жұмыстары тәулік бойына жалғасады. Жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайтынын ескере отыра, жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады. Мәселеге қатысты өтінімдер 109 бірыңғай байланыс нөмірі және әлеуметтік желі парақшалары арқылы қабылданады», деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ