Түркияның Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, толқулар басталғалы бері 603 наразылық акциясы барлық дерлік провинцияларда өтті. Екі адам қайтыс болып, үш мыңнан астамы жарақаттар алды. Кеше Анкара, Ыстамбұл және Измир сияқты ірі қалаларда бүліктер тағы орын алды.
Айта кетейік, Ыстамбұл, Анкара, Анталия, Измир, Конье және тағы басқа қалалардағы тәртіпсіздіктер өткен аптадан бері басылмауда. Бас кезінде ереуілшілер Гези саябағындағы ойын-сауық орталығының құрылысына қарсы болса, бүгінде олар премьер-министр Реджеп Ердоғанның отставкасын талап етіп отыр.
Дереккөз: inform.kz