Атырау, 28 сәуір 15:56
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай

255 просмотра
Фото: freepik.com

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 616 млрд теңгеге зейнетақы төленді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 млрд теңге жұмсалды.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 354 мың адам.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге, - делінген хабарламада.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

26 наурыз, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.