Атырау, 28 сәуір 20:23
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Егіс алқаптары мен статистиканың нақтылығына қатысты мәселелер бар – Үкімет басшысы

225 просмотра
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық статистика бюросына әкімдіктермен бірлесіп, егіс алқаптарына қатысты нақты статистиканы шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Егіс алқаптарының құрылымынан дәнді-дақылдарды әртараптандыру қарқыны төмен екенін байқауға болады. Әкімдіктердің тарапынан бұл бағытта белсенді жұмыс көрінбейді. Диқандар өңірлердің нақты жоспарлары мен салалық министрліктің міндеттерінен бейхабар. Оның үстіне, егіншілердің арасында суды көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын әдейі азайтып көрсету фактілері де кездеседі. Бұл су тапшылығына байланысты қалыптасып отырған күрделі ахуалды одан сайын қиындатып жібереді. Жалпы, егіс алқаптары мен статистиканың нақтылығына қатысты мәселелер бар. Осыған байланысты егіс алқаптарын әртараптандыру және қажетті статистикалық деректерді  жаңарту индикаторлары әр өңірге жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс ай сайын Үкіметте қаралатын болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық статистика бюросы әкімдіктермен бірлесіп, бұған айрықша назар аударғаны жөн», - деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы сапалы тұқым қоры мен тұқымның импортына тәуелділік бойынша да проблеманың көп екенін айтты.

«Әсіресе, бұл ұсақ және орта шаруашылықтар үшін өзекті болып отыр. Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық кредит түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет», - деді Олжас Бектенов.
26 наурыз, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.