Батыс Қазақстан облысында 25-28 наурыз аралығында күн жылынып, қар тез еруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осы күндері жаңбыр жаууы да ықтимал.
Әсіресе, 26 наурызда өңірдің кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.
«Қардың қарқынды еруі салдарынан су ағыны қалыптасады. Мұздың қалыңдығы сетінеп, өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. Осыған байланысты ескерту жарияланып, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті іс-шаралар қолға алынып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.
25 наурыз күні облыстың бірқатар жерінде, Орал қаласында тұман түсуі мүмкін.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тасқын судан келер қауіп қандай екендігін жазған болатынбыз.