Атырау, 21 желтоқсан 14:53
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

1 203 рет қаралды
Фото: freepik.com

22 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Астана, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

22 наурыз 2024, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.