Атырау, 22 желтоқсан 11:32
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Шымкентте патрульдік полиция полкі ротасының командирі ұсталды

1 326 рет қаралды
видео кадры

Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қала тұрғындарының бопсалау және делдалдар арқылы пара алу жайты туралы арызы бойынша патрульдік полиция полкі ротасының командиріне қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиналған материалдардың нәтижесінде және қала прокуратурасының келісімі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Шымкент полиция департаментінің басшылығы заңды теріс пайдалану мен антты бұзудың кез келген көрінісіне қатаң ден қояды. Бұрынғы еңбегіне қарамастан, бірде-бір кінәлі тұлға мундирдің абыройына нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтыла алмайды", - делінген хабарламада.

21 наурыз 2024, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.