Атырау, 27 сәуір 15:59
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Адам саудасына қарсы заңда қандай өзгерістер болады

644 просмотра
Фото: freepik.com

Енді жаңа өзгерістер бойынша адам саудасына қатысты қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, интернет арқылы сексуалдық қызметтерді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заң жобасына телекоммуникация және Интернет желісі арқылы сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде кәмелетке толмағандарды осы іске заңсыз тартумен айналысатындар, ұйымдастырушылар ҚР ҚК 134, 308, 309-баптары және ҚР ҚК мен 450 ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартылады.

Заңда адам саудасынан анағұрлым осал қорғалған топ ретінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға жеке тарау арналған.

Сондай-ақ медициналық ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізіледі.

Ал «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі органдарға, прокуратураға балалардың келіп түсу фактілері туралы хабарлауға міндеттеледі.  

20 наурыз, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.