Атырау, 22 желтоқсан 11:32
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әкімдік инвесторға рұқсат құжаттарын беруден негізсіз бас тартты

885 рет қаралды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған.

Ағымдағы жылдың ақпанында Абай облысының прокуратурасы құны 7 млрд теңгеден асатын 250-ден астам жұмыс орнын құрайтын ауыл шаруашылығы техникасын шығару кешенін салу жобасын жүзеге асырып жатқан инвестордың құқығын қорғады.

«Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ инвестордан жер мен объектіге құқық белгілейтін құжаттарды негізсіз талап етіп, оған қолданыстағы ғимараттарды қалпына келтіруге рұқсат беруден бас тартқаны анықталды.

Прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық қажетті құжаттар беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстары жалғасуда.

20 наурыз 2024, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.