Атырау, 25 қараша 22:37
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақ Жайық kz – Бергейден сәлем (толықтырылды, +ФОТО)

5 613 просмотра

Фото: prikom.kz2 маусым күні «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында белгілі жазушы-драматург, қоғам қайраткері Рахымжан Отарбаевтың редакторлығымен жарық көрген «Ақ Жайық kz» әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналдың таныстырылымы өтті.   

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан бұл журналдың жарыққа шығуына облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ мұрындық болғанын айтып өтті.

– Осыдан 5-6 ай бұрын облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ақын-жазушылармен кездескен жиында өңіріміздің тарихын шертетін бір журналдың шығуы туралы идеяны ортаға тастаған болатын. Сол ойы бүгінде үлкен қолдауға ие болып, журнал, міне, жарыққа шықты, - деді Ш.Мұқан.

Газетіміздің 22 жылдық тарихында, әрине, «қызықты» нәрсе көп болды. Сондықтан аттас журналдың пайда болғанына таң қала қойғанымыз жоқ. Оның үстіне бұл журналды тіркеу туралы куәлік 2012 жылдың 8 маусымында Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ тұсында берілген - сол кезде Мәдениет және ақпарат министрлігінде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңын айқын бұзуға кім бармас еді? Осы басылымды шығаруға бюджет қаржысын бөлетін жаңа әкімнің командасы өз елінің тарихын ғана емес, заңдарын да құрметтейді деп үміттенеміз (айтпақшы, біздің бренд Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті берген «Ақ Жайық» тауарлық белгісінің куәлігімен қорғалған).

Және басты бір тұлға 30 шақты белгілі жазушылар, соның ішінде Иманғалидың анасы құрметті Ділдә МАТАЙҚЫЗЫ құрамына енген журналдың редакция алқасына шығармашылық қиялын іске қосуы үшін көбірек жұмыстану қажеттігі туралы ұсыныс берер деген үміттеміз. Әйтпесе, осындай жетістікпен кез келген адам ертеңгі күні «Егемен Қазақстан kz», «Атырау kz» немесе «Прикаспийская коммуна kz» журналдарын шығара бастауы мүмкін.

Кейде шенеуніктеріміздің құқықтық сауаттылық деңгейіне қайран қаласың.

«БАҚ туралы» заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес, егер бұрын сол аумаққа таралатын және айырғысыз дәрежеде ұқсас атаумен басқа БАҚ-қа куәлiк берілген болса, есепке қою туралы куәлiкті беруден бас тартылуы тиіс.

Заңның осы бабының 5-тармағына сәйкес, меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күннен бастап 3 ай iшiнде мерзiмдi баспасөз басылымын шығаруға кiрiсуге құқылы (әйтпесе құжатты министрлікке қайтаруға міндетті).

Шығу мәліметтерінен көрініп тұрғандай, журнал 2012 жылдың 8 маусымында есепке қойылған. Ал алғашқы нөмір 9 айдан кейін – 2013 жылдың 18 наурызында басуға жіберілген. Бүкіл осы өрескел заң бұзушылықтар, соның ішінде бюджет қаржыларына байланысты қаржылық заң бұзушылықтар үшін кім және қалай жауап береді?

Жеке ақпарат

4 маусым 2013, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.