Атырау, 26 маусым 03:50
 дождьВ Атырау +24.8
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Қостанай облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2 газ баллоны жарылды

865 рет қаралды
Фото:freepok.com

Қостанай облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2 газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында жеке тұрғын үйде 70 ш.м. алаңда өрт болып, кейіннен көлемі 27 литр болатын 2 тұрмыстық газ баллон жарылған.

«ТЖД келгенге дейін жергілікті тұрғындар үйдегі 2 адамды құтқарды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт толығымен жойылды», - делінген хабарламада.

ТЖД 4 адамы, 1 бірлік техника жұмылдырылды

20 наурыз 2024, 08:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.