Атырау, 19 сәуір 06:33
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазынаға қол салғандар

2 238 просмотра

Атырауда 2008-2012 жылдары дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы бастығы жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топ 250 млн теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды.

Бұдан бұрын біз Атырау облыстық қаржы полициясы департаментінің бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Атырау облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастығы Берік Жанкеевке және «Атырау» облыстық волейбол командасының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған едік.

Тергеу ісі Берік ЖАНКЕЕВТІҢ, «Атырау» облыстық волейбол командасының директоры Жеңісбек МҰХАНБЕТЖАНОВТЫҢ, команданың бухгалтері Светлана ХАРЬКИНАНЫҢ және команданың бас тренері Александр ЗАПЕВАЛОВТЫҢ 2008-2012 жылдары команданың шетелдегі оқу-жаттығу жиындары үшін бөлінген 253 млн теңгені ұрлағандығын анықтады.

25 мамырда Жанкеев пен оның сыбайластарына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі күні Мұханбетжанов пен Запевалов қамауда, Жанкеев тергеу органдарынан жасырынып жүр, оған іздеу жариялау туралы мәселе шешілуде.

Оқу-жаттығу жиындары бюджет арқылы қолын жылы суға малып отырғысы келетіндер үшін жақсы амалға айналған секілді. Мәселен, жақында Батыс Қазақстан облысында облыстық спорт басқармасының бастығы ОҢДАҒАНОВ қамауға алынған болатын. Оны «Ақжайық» хоккей клубының мүшелеріне іссапарлық шығындарға бөлінген 17 млн теңгені жымқырды деп айыптауда. Ал Алматыда «Алматы» қыздар волейбол клубының директоры С. НҰРПЕЙІСОВАҒА сот үкімі шығарылды. Ол 2009-2010 жылдары команданың оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 10 млн теңгені жымқырған. Бірақ оларға Атырауға жету қайда...

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 маусым 2013, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.