Атырау, 22 желтоқсан 13:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

660 рет қаралды
freepik.com

Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарға азаптау әдісін қолданған полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қалалық прокуратурасынан хабарлағандай, Алмалы аудандық сотында «қаңтар» оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).

«Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді. Олар заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушіге тән азабын келтірген», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

19 наурыз 2024, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.