Атырау, 23 қараша 08:26
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуропадағы су тасқыны Польшаға жетті

2 181 просмотра
Чехиядағы су тасқыны салдарынан үш адам қаза болып, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалып кетті.

Қазіргі кезде елдің 40-қа жуық қалаларында, оның ішінде астанасы - Прагада да қауіпті жағдай қалыптастып отыр. Влтава өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Бүгінде көптеген автомобиль және теміржол бағыттары бойынша қозғалыс жабылды. Су тасқыны Чехиямен шекаралас Польша мемлекетіне де жетті. Ол жақта су тасқынымен қатар қатты жел тұрды.  

Австрияда бір адам қайтыс болып, екеуі із-түзсіз жоғалды. Ал Германияның Дрезден қаласында төтенше жағдай енгізілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 маусым 2013, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.