Атырау, 22 желтоқсан 04:17
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды

571 рет қаралды
Көрнекі сурет/olx.kz

Алматы қаласының прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі. 

Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады.

Прокуратура ҚР Ұлттық Банкінің мүддесіне, «Ш» жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

19 наурыз 2024, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.