Атырау, 2 маусым 17:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +25
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

Салық шегерімдері арқылы жалақыны қалай көбейтуге болады?

418 просмотра
nadezhda.kz

Ипотекалық несиесі бар қазақстандықтар салық шегерімі арқылы, "қолына алатын" жалақысын көбейте алады. Мұны қалай дұрыс жасау керек екенін Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында көрсеткен мәлімет бойынша, Қазақстанның резиденті болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстандағы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы сомасы мөлшерінде салық шегеріміне құқығы бар.

Салық шегерімдерін қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмесін қоса отырып, өтініш беру керек. Оларға мыналар жатады:

  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен тұрғын үй ипотекалық несие шарты.
  • Сыйақы сомасын бөлінген ипотекалық тұрғын үй несиесін өтеу кестесі.
  • Несие бойынша сыйақыны өтеуді растайтын құжат.
"Салық шегерімдері мынадай күндердің ең кеші келетін салық кезеңінде қолданылады: ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні; сыйақыны төлеу күні", - деп нақтылады комитет.
18 наурыз, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.