Атырау, 23 қараша 08:38
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан Президенті Жеті-Оғыз ауданындағы төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтатты

2 182 просмотра

Оппозиция жақтастары, Қырғызстан. Фото: Vladimir Pirogov / ReutersОппозиция жақтастары, Қырғызстан. Фото: Vladimir Pirogov / ReutersҚырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Ыстықкөл облысының Жеті-Оғыз ауданында 31 мамыр күні кеншілердің бас көтеруінен кейін енгізілген төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтатты. Сәйкес жарлыққа бүгін, 3 маусымда қол қойылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Қазір азаматтардың өмірі мен денсаулығына, адам өміріне аса қажетті инфрақұрылым және мемлекеттік билік органдарының мен жергілікті өзін-өзі басқару нысандарының қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне төнген қауіп-қатер дейгейі төмендеді, ал аудан аумағындағы әлеуметтік-саяси жағдай тұрақталды», – деді президентің баспасөз қызметінде.

27 мамырда Жеті-Оғыз ауданының тұрғындары «Құмтөр» кен орнына баратын автокөлік жолын жауып тастады. 30 мамыр күні кешке көтерілісшілер «Тамға» шағын стансасын басып алып, кен орнына электр энергия беретін жүйені өшіріп тастады.

31 мамырда сағат таңғы 05:00-де милиция шағын стансаны босатып, электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Акцияға қатысушылардан бірнеше ондаған адам қамауға алынды.

Содан кейін, 2 мыңнан астам адам «Тамға» шағын стансасына басып кірмек болды.

Көтерілісшілер мен құқық қорғау органдарының арасындағы қақтығыстан 55 адам, оның ішінде 15 милиционер зардап шекті.

Тәртіпсіздікке байланысты ел президенті Алмазбек Атамбаев Жеті-Оғыз ауданында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, 31 мамырдағы 15:00-ден бастап 10 маусымға дейін сағат 21:00-06:00-ге дейін коменданттық тәртіптің орнатылуымен төтенше жағдай енгізілді.

31 мамыр күні кешке көтерілісшілер Құмтөрдегі жарықты қайта сөндірді. Жарық беру 1 маусымда сағат 10:00-де қалпына келтірілді.

Көтерілісшілердің басты талабы – Centerra Gold канадалық компаниясымен арадағы келісімді бұзу, жергілікті халық үшін әлеуметтік жеңілдіктер санын арттыру және әлеуметтік нысандар салу және оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Көтерілістен кейін облыс басшылығы ауыстырылды. Бұған дейін ҚР Мемлекеттік шекара қызметін басқарған Токон Мамытов Үкіметтің облыстағы уәкілетті өкілі боп тағайындалды.

Аудандағы көтеріліс шығынының көлемі 1,4 млн доллрды құрады.

«Құмтөр» алтын кен орны Қырғызстанның Ыстықкөл ауданында орналасқан. Ол әлемдегі ең ірі кен орындарының біріне жатады. Оның қоры 700 тонна алтын шамасында. 

Дереккөз: bnews.kz

3 маусым 2013, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.