Атырау, 22 желтоқсан 13:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тараз әскери қоймасындағы жарылыс: екі офицер 5 жылға сотталды

1 328 рет қаралды

Жамбыл обылысындағы әскери қоймадағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша бұрын ақталған екі офицер сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот шешімімен офицерлер Аслан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиев бес жылға бас бостандығынан айырылды. Олар бірінші сатыдағы сот актісі бойынша ақталғандардың қатарында болған. Айыпталушылар сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ апелляциялық сот 2021 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылысқа қатысты сотталғандарға жазаны қатайтты. Бұрын сотталған екі сарбаз Әсет Әшірбай мен Ерпулат Тұрановтың жазасын 9 жылдан 13 жылға ұзартты.

14 наурыз 2024, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.