Атырау, 24 қыркүйек 06:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі жаңартылады

1 303 просмотра
Көрнекі сурет

Қазақстандағы мамандандырылған ХҚКО-ларда жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру шаралары басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінде жүк көліктері мен автобустарды заңсыз есепке қою фактілері жиілеп кетті. Ресми мәліметке сәйкес, 2023 жылдың тамыз айынан бері 23 қылмыстық іс тіркелді. Осы істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген. Ал мемлекетке келген залалдың көлемі 14 млрд теңгеден асты.

Осыған байланысты қаржылық мониторинг агенттігі, цифрлық даму министрлігі мен "Азаматтарға арналған үкімет" өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Бүгінгі таңда алаяқтар 4 негізгі схема қолданып жатады.

Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакиннің айтуынша, қазіргі кезде ақпараттық жүйелердің интеграциясы толығымен жасалды. Соның арқасында VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректер автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік бар.

Бірақ ХҚКО мамандары барлық деректі өздері енгізеді. Ал жүйені жаңартудың нәтижесінде автокөлік туралы деректерді қолмен қажеті болмай қалады.

14 наурыз, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.