Атырау, 24 қыркүйек 08:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Жарты жылда 342,8 млн теңге заңсыз табыс тапқан астаналық сотталды

586 просмотра
Сурет: canva.com

Астанада криптовалютаны заңсыз айырбастаған тұрғын бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Соттың үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны мүлкі тәркіленіп 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған.

Прокурордың талабымен сотталғаннан заңсыз алынған 342,8 млн. теңге сомасындағы табыс мемлекет пайдасына өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

12 наурыз, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.