Атырау, 19 мамыр 06:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Анықтау керек": ​Экология министрлігі Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты сұраққа жауап берді​

476 просмотра

Үкімет отырысындағы брифингте Экология министрлігінің басшысы Ерлан Нысанбаев Әлия Назарбаеваның Астанадағы қоқыс тазарту мәселесіне қатысы бар-жоғы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Журналистер министр Ерлан Нысанбаевтың бұған дейін айтқан Әлия Назарбаеваға тиесілі компания Астанадағы қоқыс бизнесіне еш қатысы жоқ деген мәлімдемесін еске салса, қала әкімі Жеңіс Қасымбек Clean City компаниясы Әлия Назарбаеваға тиесілі екенін және қалаға қызмет етуді жалғастырып жатқанын мойындаған. 

Журналистер неге министрден мұндай жалған ақпарат келді деп таңданды. 

"Бірден айтқым келеді, бұл мәселе біздің құзырымызда емес, жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. 

Өткен жолы берілген ақпаратқа келсек, менде басқа ақпарат жоқ. Маған бүгін Әлия Назарбаеваның бұл компанияға еш қатысы жоқ деген ақпарат берілді. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын", - деді экология министрлігінің басшысы. 

Министр Нысанбаевтың айтуынша, бұл ақпаратты оған қарамағындағылар берген. 

"Біз мұны анықтауымыз керек", - деп түйіндеді ол. 

Еске салайық, министр өткен жылдың қыркүйегінде Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанада қоқыс шығарумен айналыса ма деген сұраққа жауап берген болатын. 

"Қолымда бар ақпарат бойынша, бүгінде Әлия Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды. Егер ақпарат болса, мен оны бөлек талқылауға дайынмын. Сіз айтқан жағдайларды ескере отырып, қайта қараймын", - деген еді министр Ерлан Нысанбаев. 

12 наурыз, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.