Атырау, 25 қараша 20:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мерекелік сауық

2 371 просмотра

1 маусымда Атырауда облыстық әкімдік ғимаратының жанындағы бұрқаққа үлкен-кішісі бар, бәрі жаппай суға түсті.

Балаларды қорғау күнінің құрметіне орай адамдардың көпшілігі жаппай суға түсуден бас тартпады, абырой болғанда ауа-райы ыстық болды.

Кейін белгілі болғандай, өтіп бара жатқан жүргіншілерді суға шомылдыру туралы идеяны көтерген қаланың 17 жасар тұрғыны Рүстем ЖҰМАШЕВ екен. 

- Әлеуметтік желідегі менің ұраныма осыншама ниет білдірушілер үн қосады деп өзім де күткен жоқ едім, -дейді жігіт. – Хауызға түсуге ешкім де қымсынбады, бұл әсіресе балаларға ұнады. Менің мақсатым да осы еді. Мереке күнінде бүлдіршіндердің өздері мен ата-аналарының көңілдері көтерілгенін қаладым. Біз өзіміз есейіп кетсек те, көңіліміз бала ғой әлі.

Анастасия ПАСТУХОВА

2 маусым 2013, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.