Атырау, 22 желтоқсан 13:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Шымкент тұрғыны мемлекетке 443 млн теңгеге төлемей алдаған

685 рет қаралды

Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып берген. Аталған фактіні ҚМА аймақтық Департаменті тергеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.

Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.

11 наурыз 2024, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.