Атырау, 5 мамыр 02:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Деректерінің таралуы: Zaimer.kz-ттен хабарлама келген қазақстандық не істеуі керек

347 просмотра
freepik.com

2024 жылғы 5 наурызда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz («МҚҰ «Робокэш.кз» ЖШС) микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 млн.-нан астам жеке деректерінің таралуын анықтады, деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.  

Жалпы, Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн-нан астам (РФ - 23,6 млн. (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru -6.8 млн.); Филиппин - 5 млн. (digido.ph); Вьетнам - 2 млн. (vietloan.vn) деректері анықталды.  

Осылайша, жеке деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне сүйене отырып, ЦДИАӨМ  EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды хабардар етіп, ақпараттың шығуының жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында ұсыныстар жіберді.

Егер сіз хабарлама алған болсаңыз және «МҚҰ Robokesh.kz» ЖШС-нің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермеген болсаңыз, онда бұл жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды толық қарастыру және қабылдау үшін Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.

Осы орайда, Цифрлық даму министрлігінің ұсынысы:

  • "Электронды үкімет" веб-порталы немесе EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы қарыз алудан ерікті түрде бас тартыңыз;
  • егер, банк қызметкерлерінен қоңырау түскен болса, онда әңгімені дереу үзіп, ресми байланыс деректері бойынша Банкке тікелей қоңырау шалыңыз;
  • жасалатын операцияны (төлемдер, аударымдар және т. б.) растау үшін SMS-кодты хабарламаңыз;
  • интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізден құпия сөздерді бермеңіз;
  • банк картасының артындағы CVV/CVC кодын бермеңіз;
  • бөтен мобильді қосымшаларды, соның ішінде құрылғыларға қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатпаңыз;
  • қаржылық аккаунттарда бірегей және күрделі құпия сөздерді қолданыңыз;
  • қосымша қорғаныс үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
  • электронды пошта тіркемелерін ашқан кезде, әсіресе олар бейтаныс жіберушілерден келсе, абай болыңыз;
  • күдікті интернет-ресурстарға (сайттарға) кіруден аулақ болыңыз;
  • сенімсіз ресурстарға жеке ақпаратыңызды ұсынбаңыз;
  • қаржылық операцияларға мониторинг жүргізіңіз.

11 наурыз, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.