Атырау, 12 қаңтар 02:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​Салық органының қызметкері қазақстандықтарға онлайн микро-несие рәсімдеген​

715 рет қаралды
freepik.com

Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет.


11 наурыз 2024, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.