Атырау, 18 ақпан 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

1 298 рет қаралды
Фото: freepik.com

Қазақстанның қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,52 теңгені құрап, 2,72 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, доллардың 6 наурыздағы ресми бағамы 450,53 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 449,22 теңгеге, сату – 450,91 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 447,44 теңгеден сатып алынады, 452,49 теңгеден сатылады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыздағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 2,2 теңгеге, 5 наурызда 2,69 теңгеге төмендеді.

6 наурыз 2024, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.