Атырау, 27 сәуір 18:39
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Болат Өтемұратовтың туысы 5 жылға сотталды

1 081 просмотра

5 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Данияр ӨТЕМҰРАТОВҚА қатысты үкімді өзгертті. 

2024 жылғы ақпанда ол Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотымен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі  деп танылып, 5 жылға шартты мерзімге сотталды. Прокурордың апелляциялық шағымы бойынша іс қайта қаралып, үкім 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді. Жазасын қауіпіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. 

Данияр Өтемұратов сот залынан қамауға алынды. 2023 жылғы 13 қарашадан 2024 жылғы 2 ақпанға дейін қамауда ұсталған уақыттың бір күні қылмыстық-атқару мекемелерінде жазаны өтеудің 1,5 күні деп есептеледі.

Еске сала кетсек, Болат Өтемұратовтың жиені ұсталғаны 2023 жылдың қарашасында белгілі болды.

6 наурыз, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.